слушать удобно песню КешYou: Домбыра туралы баллада,

Музыкальная композицияя Домбыра туралы баллада от КешYou на сайте Сайт с супер мелодиями

Популярность: 0

Композитор и певец: КешYou

Композиция: Домбыра туралы баллада

Длина: 02:44

Скачать

Другие песни исполнителя КешYou
Текст песни:

ә. Кеңес Дүйсекеевтікі
с. Шөмішбай Сариевтікі

Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!


Возможно, вам понравятся также:

Видео
кешyou слайд-шоу
Комментарии (0)
Добавить комментарий



Каптча: